Өлең, жыр, ақындар

Көген

  • 26.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1001
Біз де бастан талай күнді өткердік,
енді соны еске алуға жетті ерлік.
Талай жерде бедел алып, бет бердік,
әлденені түзеткіміз кеп бердік,
әлдекімге тыз еткіміз кеп бердік,
содан кейін... жыр ұшырдық кептер ғып.
Сырығыңнан бұйым таппай тебендік
күреңіттік; намыс, намыс деп өлдік.
Содан басқа осы біздер не бердік,
көкірек ұрып, көне жерді теберлік?!
Жеті бояу, он саусақты өлең қып,
соның бәрі мен боламын дегендік.
Қоңыр қозы — жырыма арнап мен енді
қара сөзді керіп жүрмін көген ғып.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Шанада

  • 0
  • 0

Айнала аппақ, аппақ дала қар аппақ,
Ойнайды жел аппақ қарды парақтап.
Бір шанада екеу отыр құнысқан,
Шана артында үйіріледі күміс-шаң.

Толық

Әзіл

  • 0
  • 0

Жырымды өзге түгіл қыз ұқпады,
тастадым сол үшін мен сызып бәрін.
Қыз менің теңеуіме түсінбеді,
мен қыздың кірпігіне қызықпадым.

Толық

Өмір

  • 0
  • 0

Өмір, өмір, өмір деген – бір ғажайып бәйтерек,
Бәйтерекке түн де керек, күн де керек, ай керек.
Сол теректі паналаған балапансың сары ауыз,
Сол теректе өткен тірлік – әрі шындық, әрі аңыз.

Толық