Күнгейге түскен қардай – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Күнгейге түскен қардай» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 03.10.2021
  • 0
  • 0
  • 658
Алысты жүйрік көңіл арман етер,
Адымдап оған қайсы пенде жетер?
Қанаты қайырылғанша қайран үміт,
Құйындай жел көтерген дөңгелетер.
Таңдайың татпағанның бәрі таңсық,
Жүрегің жоқ нәрсеге шөлдеп өтер.
Жатса да асып­тасып сабасында,
Көктегі бұлттан тамшы көл дәметер.
Қызығын ұзартам деп қысқа өмірдің,
Әуреге тізгін бердім мен де бекер.
Күнгейге түскен қардай ғұмыр, шіркін,
Қызғанда күннің көзі демде кетер...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері