Суретші ата – Нұрсұлтан Әлімқұлов

Бұл бетте «Суретші ата» атты Нұрсұлтан Әлімқұлов жазған ата туралы өлең берілген.

  • 07.10.2021
  • 0
  • 0
  • 2478
Шалкөденің гүлін-ай!
Елге тартқан сыйындай.
Ақындардың алыбы
Мынау – Біржан, Сүйінбай.
Мына сурет жасымнан
Көзіме оттай басылған:
Амангелді атамыз
Алмас қылыш асынған.
Күткен диқан ақ самай,
Мынау әсем бақшаны-ай.
Көз тартады кең жайлау,
Алаулайды Қапшағай.
Мынау тауды қашаған –
Батыр кенші жас адам.
Өнерлі ата Әбілхан
Мұның бәрін жасаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері