Өлең, жыр, ақындар

Үйлер

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 580
Замананың рух күшiн ашқандай,
үйлер, үйлер көтерiлiп аспанға
сөйлеп тұрар құдiреттi үндермен
бетондармен жазылған бiр дастандай.
Сөйлейдi олар – төксе көктем жаңбыры,
сөйлейдi олар – сипап өтсе таң нұры,
өлi дене деме үйлердi өтiнем
бар олардың өмiрi мен тағдыры.
Қара жердi бұрқыратып шаңдатып,
адамдарға әр бөлшегiн талдатып,
құрсағынан Еңбектiң
туады үйлер толғатып.
Жұмбақ маған оның өткен жылдары,
жұмбақ маған ондағы адам сырлары,
жұмбақ маған бәрi, бәрi, бәрi де, –
қуанышы, күлкiсi мен мұңдары.
Жырдың iздеп әуенi мен ырғағын,
күндiз де мен, түнде де мен тынбадым, –
шешемiн деп, ашамын деп қалай да
сол үйлердiң жұмбағын.
Оларға мен қадаламын, үңiлем.
Көп қатарлы үйлер бiткен бүгiнде
алып үлкен сөзжұмбақтар секiлдi
сұрақ толы көлденеңi,
тiгiнен.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Батырлыққа тілек

  • 0
  • 0

Өлсең де – өзiңдi емес! –
Елiңдi ойлап
Күйiктен өлсең ғой.
Өлiп бара жатып та

Толық

Қалың ұйқы

  • 0
  • 0

Сонау-сонау
Өткен ғасырдың басында
Міржақып Дулатов
“Оян, Қазақ” деді.

Толық

Бейпіл

  • 0
  • 0

Тұтамды –
Ұзын құлаш қып,
Айтады жоқты рас қып.
Өн бойы оның былғаныш,

Толық

Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар