Өлең, жыр, ақындар

Адамның ішкі әлемі

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 724
Қопарып,
iздеп, бұрғылап,
ашам деп әлi келемiн —
джунгли,
тайга,
тундра
адамның iшкi әлемi.
Үңiлем келiп, үңiлем
өзiме өзiм қамалып,
үңiлем күнi-түнiмен
әлемге сол бiр қадалып.
Үңiл сен,
үңiл жырлап бiр
шаршама, жүрек,
шаршама!
Шешемiн қанша жұмбақты,
табамын байлық қаншама?..
Кiсi деп жүрген келелi —
бiлдiм мен оны оқыстан —
боп шықты iшкi әлемi
шөп-шалам,
шiрiк,
қоқыстар.
Астынан күлкi саяның
шығады кейде шұбалып,
өсектiң сары шаяны,
жаланың қара жыланы.
Жас болсын мейлi ол,
кәрi де
бұған мен қалай көнемiн,
көрсiн деп жұрттың бәрi де
ақтарам iшкi әлемiн...
Төсiнде қиян даламның
жүретiн күн-түн мал бағып,
қарапайым адамның
бойынан табам мол байлық.
Сол сәтте бұрқап мақтанып
мiнiп ап ойлы шабытқа,
байлықты сол бiр ақтарып
әкелiп берем халыққа.
Саздарын iздеп өлеңнiң
көзiмнiң сүрттiм шықтарын, –
ашам деп iшкi әлемнiң
жақсылық, жамандықтарын.
Күндердi ашам парақтап,
ашам деп биiк,
тереңiн.
Қауiптi,
әрi абат бақ
адамның iшкi әлемi.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Парадокс

  • 0
  • 0

Босқа шаршап, сүрлiкпе
басса өмiрдiң мұң-зары.
Дүниеде, тiрлiкте
керi кетiп тұр бәрi.

Толық

Шошыну

  • 0
  • 0

Аурумын!
Алтайым да ауру,
Сарыарқам да ауру,
Қаратауым да ауру,

Толық

Қазақтың тағдыры

  • 0
  • 0

Демесек те:
Қаралы тiзiмде тұр,
Қазақтың тағдыры
Қылпылдап тұрған

Толық

Қарап көріңіз