Бұлбұл – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Бұлбұл» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2901
Пернесін күйсандықтың басып қалып,
Өлең - сел төгіледі, тасып барып.
Жыр буған жас жүрегім лүпілдесе,
Кетеді жолдар мені қашыққа алып.
Ал олар төзімімді таусып алмай,
Тынбайды қыр кездіріп, тay шығармай.
Сол сәтте сезінемін, көмейімде,
Бір емес, мың бұлбұлдың даусы бардай...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері