Бұл тірлікте – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Бұл тірлікте» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2543
Бұл тірлікте басу үшін алға нық,
Жүру керек оң-солыңды қарманып.
Сын көзімен қарамасаң ортақа,
Сан соғарсың, талай-талай алданып.
Адастырып ізін басар тұяқты,
Біреулер жүр жиып қойып ұятты.
Іріліктен үміті бар жігіттер,
Ұсақталып бара жатқан сияқты.
Жөні түзу бір іс істеп көрмеген,
Осы күні өлермендер өрлеген.
Өзін-өзі көрсетуге келгенде,
Мұндай жандар жұрттық алдын бермеген.
Тек шындықтан тұрмағанмен жер үсті,
Оң деп қалай айта аламыз терісті.
Отырмасақ қара қылды қақ жарып,
Өміріміз болмақ емес өрісті.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері