Өлең, жыр, ақындар

Ғабдолла Тоқай

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 7617
Болмас бұған ешкімнің де таласы,
Қазақ, татар бір атаның баласы.
Абай, Тоқай ағайынды ақындар,
Егіз елдің екі бірдей данасы.
Осы Орал Тоқайға ашып құшағын,
Жеңілдетті ауыр дертін құсаның.
Ақ Жайықтың кәусар суы шипа боп,
Жетілдірді жас баланың күш-әлін.
Туыс болса, дерсің қалай жат ұлы,
Дарындылар дархандардың жақыны.
Ғабдолланың жанын сақтап қалды ғой,
Қазақтардың көмеші мен қатығы.
Досың болсын жан сырыңды ұғарлық,
Уәде берсе, сол сөзінде тұрарлық.
Татар достар, айтпассыңдар қате деп,
Тоқайды біз шайыр етіп шығардық.
Білдік біздер толысарын-толарын.
Бала Тоқай, дана Тоқай боларын.
Бұл өмірден тым ертерек өтті деп,
Қайғырумен күн кешуде Оралым.
Мұңы бардың, жүрегінде жыры бар,
Жырың болса, ел де саған бұрылар.
Шын достықты өсиет қып кетті ғой,
Абай менен Тоқай сынды ұлылар.
Кездеспесін халқымызға тосын сын,
Достық ізі әрі-бері жосылсын.
Матур қыздар ұлдарыма жар болып,
Төскейде мал, төсекте бас қосылсын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Не керім?!.

  • 0
  • 0

Жүйкелері жаратылған темірден,
Біз қай кезде арылармыз жебірден?
Күннен-күнге келе жатыр көбейіп,
Момындардың ақысын жеп семірген.

Толық

Күйші

  • 0
  • 1

Қос ішек бір-біріне жалғады ұшқын,
(Пернелер буынындай нарқамыстың).
Күйші отыр қалың жұрттың құрсауында,
Елтімей сырлы сазға қалмады ешкім.

Толық

Бұлбұл

  • 0
  • 0

Пернесін күйсандықтың басып қалып,
Өлең - сел төгіледі, тасып барып.
Жыр буған жас жүрегім лүпілдесе,
Кетеді жолдар мені қашыққа алып.

Толық

Қарап көріңіз