Өлең, жыр, ақындар

Дарабоз

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3661
Қадыр Мырза Әлиге

Өмір бойы өлең болып алаңы,
Өмір бойы қолдан түспей қаламы,
Ортамызда ақын отыр ақиық,
Мойындатып қала менен даланы.
Халқымызда болған талай ұлы есім,
Елдігіме қосып кеткен үлесін.
Жас отауға қадалып тұр көз сұғы,
Сондықтан да бітпек емес күресім.
Көкке ұшырып жіберсем де күліңді,
Біреулердің жат пиғылы білінді.
Байтағыма аш көздерін алартып,
Тәлкек етіп жатыр ана тілімді.
Ортамызда отырғанда шын дарын,
Жасыра алман көңілімде мұң барын.
Макинтошты миғұлаға жетпей жүр,
Шындықты айтып шырылдаған жырларың.
Армандаймыз ел болсақ деп іргелі,
Түк бітірмес, төбеттердің үргені.
Әншейінде арқыраған жігіттің,
Қарабастың қамын күйттеп жүр көбі.
Төзіміне сеніп қалың халықтың,
Алдымыздан күтіп жүрміз жарық күн.
Ұйқысынан кеш оянған алыппыз,
Қозғалуы жай болады алыптың.
Мұның бәрі, аға, өзіңе белгілі,
Иығыңда өлең жүгі - ел жүгі.
Туған жерге көз қырыңды сала жүр,
Ақ Жайықтың абызысың ендігі!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Інілер

  • 0
  • 0

Сағынып жүрмін, бағынып жүрмін сезімге,
Жұқарып бара жатқандай берік төзім де.
Інілерімді іздейтін болдым үздігіп,
Бәрі де ыстық, қартайған осы кезімде.

Толық

Өзіңе

  • 0
  • 0

Жыр болып жүрегіме келіп кіріп,
Шығардың шырқау шыңға еліктіріп.
Қолыма пәк көңілмен ұстаттың-ау,
Тізгінін тағдырыңның сеніп тұрып.

Толық

Қос домбыра

  • 0
  • 0

Адамзат ғұмыр кешпес босқа, сірә,
Бір ұрпақ, бір ұрпаққа қосқан мұра.
Қалдырған Құрекеңдер аманат қой,
Төріңде иықтасқан қос домбыра.

Толық