Бояуы мың құбылған

Бұл бетте «Бояуы мың құбылған» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1009
(Камиль Муллашевке)

Ғашық боп сурет деген бір ғаламға,
Төгесің жан сырыңды қыл қаламға.
Кәмеке, біз көргенді сен де көрдің,
Бояуы мың құбылған бұл заманда.
Бағынып әміріне құдіреттің,
Біз жүрген жолмен сен де жүріп өттің.
Талпынып, қанатыңды ерте сермеп,
Өнердің биік шыңын тұғыр еттің.
Түсірген көңілдегі сарайға нұр,
Өнерің өрге жүзген талайға жыр.
Екі елдің ортақ туған ұлындайсың,
Сен үшін Тоқай да бір, Абай да бір.
Мың тәуба! Туын тікті азат дәуір,
Бостандық алмаған жұрт азапта жүр.
Тел емген екі енені құлындайсың,
Сен үшін татар да бір, қазақ та бір.
Сырына бояулардың бойлағасын,
Толқисың, толғанасың, ойланасың.
Тағдырын Сүйінбике есіңе алсаң,
Суиды алдыңа әкеп қойған асың...
Шалқыса шартарапқа көңіл кейде,
Шабыты дарындының төгілмей ме?
Төрінен өнеріңнің орын алды,
Тарихи не бір тұлға, не бір бейне.
Жатырқап көрген жоқсың жан баласын,
Жалт еткен сұлулыққа таңғаласың.
Сөйлеттің сансыз бояу тіліменен,
Қазақтың өзен­-көлін, тау, даласын.
Елдіктің жүрегің бар елшісіндей,
Жаныңды кім түсінер, мен түсінбей!?
Бойыңа біткен өнер сарқылмасын,
Тәңірдің бөліп берген еншісіндей!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бояуы мың құбылған өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Бояуы мың құбылған өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бояуы мың құбылған өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Несіпбек Айтұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бояуы мың құбылған өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері