Көк байрақ – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Көк байрақ» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 1
  • 3647
Көк байрақ, желбіре, желбіре,
Көк аспан, мөлдіре, мөлдіре!
Қазағым кең жайып қанатын,
Құлпырды ел міне, жер міне!

Қайырмасы:
Еркіндігім,
Сенсің жырым,
Бұлбұл құстай сайратқан!
Желбірей бер,
Көк байрағым,
Аспанымды жайнатқан!

Көк байрақ, желбіре аспанда,
Алтын таң ақ нұрын шашқанда.
Байтақ ел, байтақ жер сенікі,
Жас қазақ, жасқанба, жасқанба!

Қайырмасы.

Жалында, жарқылда, ұланым,
Шарықта, биікте, қыраным!
Желбіре, Көк байрақ, желбіре,
Шырқатып Елімнің ұранын!

Қайырмасы.


Пікірлер (1)

Нұрсұлтан

Өте керемет

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері