Жарқыра, Ақорда! – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Жарқыра, Ақорда!» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1620
Бақыт кетпесін басыңнан,
Жаса, байтақ елім!
Алтын тамырын тереңге жайған,
Бойлай берсін асқақ Бәйтерегің!

Қайырмасы:
Жарқыра, Ақорда!
Жайна, Астана!
Самға, Бәйтерек!
Еңсесі биік,
Іргесі берік,
Ардағым,
Мәрмәрім,
Қорғаным сен!

Ата-бабамның көзіндей,
Жаса, еркін жерім!
Күндей нұрланып сәулесін шашқан,
Мәңгі тозбас сенсің көркім менің!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері