Жас достардың қаласы

Қазақша өлең мәтіні, өлең жолдары және толық нұсқасы.

  • 19.03.2022
  • 0
  • 0
  • 653
Нүрек — қала, ici қауырт, жөппелдем...
Нүрек— қала, былтыр ғана жұрт келген,
Көшелердің көп үйлері — палатка,
Көкшіл вагон доңғалаққа жүктелген.
Жас қаланың жан сарайын сезем бе,
Kөкірегінe терең бойлап көз енбей.
Тұрғындары қыз бен жігіт көктемде,
Тамам шулап тауда жатқан өзендей.
Бip cәтi жоқ дамыл табар, тынығар,
Бұл қаланын сайран-сауық түнi бар.
Отыз ұлттың ұрпағынан бip қауым —
Таза достық, мөлдір намыс, тұнық ар!..
Маған бақыт жастық шақтың мекенін
Ардақтағыш, мадақтағыш екенім, —
Барған күні қаласына бас идім
Қасиетім махаббат пен некенің!
Балан бақта тамыр тартып қорекке
Өскен шынар, қайын, шырша, терек те.
Шеберлері бесік icтeп күн сайын,
Бip табыт та жасалмапты Нүректе!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жас достардың қаласы өлеңінің авторы кім?

Хамит Ерғалиев — осы өлеңнің авторы.

Жас достардың қаласы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін онлайн оқуға болады.

Жас достардың қаласы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Ерғалиев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жас достардың қаласы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні мен шумақтары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері