Дүние – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Дүние» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 15.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1332
Қызыл тіл таңдайымда тақылдауда,
Сұм жалған жүрегімді зақымдауда.
Басымнан түйдек-түйдек бұлт көшкенде,
Жаныма домбырадан жақын бар ма?

Қайырмасы:
Дүние былтыр қандай, биыл қандай,
Заманның жал-құйрығы сұйылғандай.

Қол соғам домбыраға анда-санда,
Көңілдің қанаты ғой ән қашанда.
Арманға алыстағы көз жеткенмен,
Жетер ме қысқа ғұмыр жалғасам да?

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері