Наз көңіл – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Наз көңіл» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1018
Алдымнан сені көрсем таң атқандай,
Келсеңші сағындырмай, ей, ақ маңдай!
Сәулем­ай, сүттен таза, судан тұнық,
Періште өз қолымен жаратқандай.

Қайырмасы:
Ахау,
Шекер балдай,
Назың қандай!
Сағынғаным­ай,
Жан еркем!
Жайнаған көңіл гүліндей,
Аққудың көгілдіріндей, көркем!

Жүрекке арман болып мекендедің,
Бақытым сенде ғана екен менің.
Айналып бір талына кірпігіңнің,
Аймалап жанарыңды өтер ме едім!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері