Өлең, жыр, ақындар

Ана дауысы

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1547
Құлыным­ау, анашың қалды қайран,
Естідім деп осынау әнді қайдан, әнді қайдан.
Шырқалғанда «Жас қазақ» сені ойлаймын,
Көз алдыма елестеп қанды майдан, қанды майдан.

Қайырмасы:
О, адамдар,
Оқ атпаңдар!
Аналарды
Жылатпаңдар!

Күнде көрем өзіңді түсімде мен,
Сені көрсем, бақыттың құсын көрем, құсын көрем.
Жан бар ма екен осынау тіршілікте,
Қасіретін ананың түсінбеген?

Қайырмасы.

Ел іргесі қашанда болсын аман,
Тілегімді, тәңірім, берші маған, берші маған.
Дүниеден армансыз өтейін мен,
Жер бетінде бар болсаң, келші, балам, келші, балам!

Қайырмасы.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Сілкініп ақ бүркіттей

  • 0
  • 0

Тоқсанға аман­-есен келдің, аға,
Асқарға ақиықтай қондың, аға!
Ұқсаған өмірің бар керқұлаға,
Ұқсаған көңілің бар домбыраға.

Толық

Соңғы жұлдыз сырғығанша

  • 0
  • 0

Сайрашы тамылжытып, таң бұлбұлы,
Бірауық жеңілдесін тағдыр жүгі.
Үніңмен үмітімді жалғай тұршы,
Үлбіреп үзілгенше жанның гүлі.

Толық

Әттең, шіркін!

  • 0
  • 0

Атқан таңдай жарқырап,
Аққан судай сарқырап өттің, дәурен.
Жұпар иісің бұрқырап кеттің, дәурен, арман­ай!
Жұпар иісің бұрқырап кеттің, әттең, әттең, шіркін!

Толық

Қарап көріңіз