Туған жер – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Туған жер» атты Несіпбек Айтұлы жазған туған жер туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 18.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1607
Ахау, туған жер, анамдай сағындырған,
Ахау, туған жер, бабамдай табындырған.
Аңсадым, аңсадым –
Самал жел,
Саумал көл,
Сары бел, сені,
Көзімнің жасындай сағым жуған!

Қайырмасы:

Ахау, тулайды қаным сен деп,
Ахау, жырлайды жаным сен деп,
Туған жер, гүлжазира, уа, дариға!

Ахау, туған жер, төрлесем сауық құрған,
Ахау, туған жер, көрмесем зарықтырған.
Аңсадым, аңсадым –
Алтын жаз,
Аққу-қаз,
Ерке наз, сені,
Ауырсам дертімнен сауықтырған!

Қайырмасы.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Туған жер өлеңінің авторы кім?

Несіпбек Айтұлы — осы өлеңнің авторы.

Туған жер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Туған жер өлеңі не туралы?

Бұл шығарма туған жер туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Туған жер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері