Қайран дүние – Несіпбек Айтұлы

Бұл бетте «Қайран дүние» атты Несіпбек Айтұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.10.2021
  • 0
  • 0
  • 1434
Түлкідей бұлаңдаған,
Сұлудай сылаңдаған,
Қайтейін, қайран дүние,
Аялдап тұра алмаған.
Жақсыны жақтырмаған,
Күнің жоқ лақтырмаған.
Жұмбақсың, жалған дүние,
Тұрағын таптырмаған.
Үміт көп армандаған,
Үзілсе жалғанбаған,
Талайдан қалған дүние,
Кім саған таңғалмаған?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері