Шафық ағаның айтқаны – Кәкімбек Салықов

Бұл бетте «Шафық ағаның айтқаны» атты Кәкімбек Салықов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.11.2021
  • 0
  • 0
  • 926
Ойымды осынау құпташы,
Үш жүзге бөлу – жұт басы.
Тірлікті қандай шексек те,
Бірлікте өмір тұтқасы.
Ордалы жаумен қағыспа,
Опасыз достан алыста.
Сүйеніп өт қашанда
Ар­ождан, бойда намысқа.
Есті адам сырттан сыйлайды,
Ақымақ жел сөз жинайды.
Өкпеге қиса ескі дос,
Өлімге сені қимайды.
Аспан, көк, биік ғарышта,
Жердегі қырғын жарыста,
Кез болсаң да қай дауға,
Бет жыртуға барыспа.
Жылы сөз асыл жетегі,
Өмірде септік етеді.
Қыршыңқы қылық өкінтер,
Түбіңе ақыр жетеді.
Айтарым осы безектеп,
Ақыл­ой тұрсын кезектеп.
Қасықтап жиған абырой
Төгілмесін шелектеп.

1996


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері