Кең өмірден кездестіріп сені алғаш – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кең өмірден кездестіріп сені алғаш» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 656
Кең өмірден кездестіріп сені алғаш,
Алғаш менің жас жүрегім гүл атты.
Сол бір көктем енді қайтып оралмас,
Сол бір көктем күлдіріп, кеп жылатты...
Қыз ғұмырын бірге өлшедің гүлменен,
Гүлге аяп қарамадың, солса да.
Махаббаттың бар екенін білген ем,
Көрген түстей, баянсыздау болса да...
Жұлдыздардан алқа тізіп түнгі көк,
Сағынышты ой көкірегімді тілгілеп,
Күнді сүйген таңғы гүлдей үлбіреп,
Сені сүйген болды менде бір жүрек...
Сол бір көктем маған мәңгі оралмас,
Оралмайтын ұшқыр, отты қиялдай.
Бір жүрегім сүйген жанып сені алғаш
Екінші рет қойды ешкімді сүйе алмай!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері