Жандым, өштім, өртке айналдым, сезбедің – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жандым, өштім, өртке айналдым, сезбедің» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 751
Жандым, өштім, өртке айналдым, сезбедің,
Арашалап ала алмадың, төзбедің.
Мен өзіңді теңер болсам семсерге,
Жарқылдадың қолдарында өзгенің.
Өзім үшін жан жоқ саған келер тең,
Бір сәт еске ап, ұмытарсың мені ертең.
Жарық күнде жүрсем нәзік мұң болып,
Көкірегіме түсер сенің көлеңкең.
Кезім өткен мас болатын сезімге,
Сезім, сезім тұтқындалған төзімге.
Ана-жердің құшағына енерде
Сенің бейнең кетер менің көзімде...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері