Сағынышым сарғайған жат бағында – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сағынышым сарғайған жат бағында» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 839
Сағынышым сарғайған жат бағында,
Орануда бұл жаным от-жалынға.
Тым-тырыссың, әлде әлі көкірегіңнен
Бір жылылық сен маған таппадың ба?
Жаралған ем жанып тек сүюге мен,
(Не біледі сезбеген, күйінбеген?)
Қызық үшін қызып бір қыз алдында
Өр басыңды сыйлаймын иілмеген.
Жан бағымды бір дауыл осты менің,
Күткем сенен жанашыр, дос тілегін.
Сезе тұрып, түкті де сезбегенсіп,
Ести тұрып, даусымды естімедің...
Сағыныштан сарғайған айықпадым,
Жұртқа жырым жіберді жайып бәрін.
Сүйе тұрып, сүйікті бола алмаған
Мен өзімді сен үшін айыптадым.
Жыры бөлек, білемін, бұл тыныстың,
Күшін көрсен, іштегі бұлқыныстың.
Бір жылылық кеудеңнен маған деген
Таппадың ба, үнсізсің, тым-тырыссың!..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері