Уақыт жүйрік, бір орнында тұра ма – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Уақыт жүйрік, бір орнында тұра ма» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1312
Уақыт жүйрік, бір орнында тұра ма,
Туғаннан-ақ болды маған жыр ауа.
Бірде, біреу сұрады: «қыз-ұлыңа
Қандай қымбат жасау бердің мұраға»?
Жасау іздеп, келмейді алыс, жол шеккім,
Ізгілікке көңілімді көрші еттім.
Ұл-қызыма сүтіменен емшектің
Өмір сыйлап, ана тілін енші етттім.
Солай, жұртқа кім екенімді көрсеттім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері