«Күледі» деп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте ««Күледі» деп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 711
Күледі деп, иілсін, бастар иілген,
Күледі деп, безбеймін киіз үйімнен.
Қазақ екенім, шын болса, неге ұялам,
Қазақша сөйлеп, өз шапанымды киюден.
Күледі деп, безгенмін ана тілімнен,
Күледі деп, дәстүрім, дінім бүлінген.
Бұға-бұға шаршадым, көрсін, көре алса,
Бұлт ішінен жарып шыққан күнімді ел.
«Күледі» деп басына қайдан ой келген,
Қасқырдай талап, келді ғой бізді «қой» деумен.
Қазақ болып туғаным менің шын болса,
Ана тілімде, ұялам неге, сөйлеуден?
Күлгендердің белгісіз болар мекені,
Соққан бір желдей, келеді де, кетеді.
Шапанымды, кимей, ана тілімде сөйлемей,
Бұл күнге дейін, күлкі болғаным да жетеді.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері