Басқа ем кеше, болдым бүгін басқа адам – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Басқа ем кеше, болдым бүгін басқа адам» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 699
Басқа ем кеше, болдым бүгін басқа адам,
Алдым тұман, жүрейін десем жасқанам.
Қалай, қайда қозғаларын біле алмай,
Қыл үстінде теңселеді мас қоғам.
Күн көзіне көзін әлі ашпаған,
Жасқанады, жер басуға жас балам.
Келер ұрпақ... болашақтың басына
Пана болмас менің салған баспанам.
Қыл үстінде теңселеді мас қоғам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері