Күйген қолын ұсынбас енді бақыт – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Күйген қолын ұсынбас енді бақыт» атты Қанипа Бұғыбаева жазған бақыт туралы өлең берілген.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 661
Күйген қолын ұсынбас енді бақыт,
Жылап қалдың, басқаны сен жылатып.
Қара көзің қараңғы, түпсіз құдық,
Сол құдыққа қанша жан өлді батып?..
* * *
Мен сені сол әйелдей сүйе алмаймын,
«Сүйсем» деп тек ішімнен қиялдаймын.
Құшағыңда жанудан жұлдызың боп,
Жұлдыздардың көзінен ұялмаймын.
Мен бірақ, сол әйелдей сүйе алмаймын...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері