Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан

Бұл бетте «Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.11.2021
  • 0
  • 0
  • 514
Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан,
Бір сөз айттың, болып маған қарап, таң.
«Мүсініңді былш-былш ұрып балшықтан –
Жасағандай ерініп бір жаратқан».
Тұрады өмір үміт пенен аңсаудан,
Аңсауменен қара тауды қар шалған.
Күн көзіндей қызуыңмен қыздырып,
Сенсің, алғаш саз балшыққа жан салған.
Қапырықта тұншығамын, тұнжырап,
Енді бізге кездесетін күн жырақ.
Өзің салған қайтара алмай жаныңды,
Тасқа қарап, тас қыз іштей тұр жылап.
Кеше бірге ек... енді бүгін басқамыз,
Өміріміз құпия сыр, жасқа, аңыз.
Өзің барда балшық едім... түбінде
Табысармыз, айналғанда тасқа біз...
Екі баста екі дүние, басқамыз.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сұлу емен жұртты өзіне қаратқан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері