Қаламгермін

Бұл бетте «Қаламгермін» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2168
Бурыл тартып бара жатыр самайым,
Тыныш тірлік?!.
Оны қайдан табайын.
«Қағаз жазған қиын жұмыс емес қой»,
Деп ойлайтын шығар кейбір ағайын.
Хат келеді жан-жақтардан ағылып,
Біреу жылап, ал біреулер «қағынып».
Біреулер жүр жұрдай болып барынан,
Біреулердің жоғы жатыр табылып.
Әр тағдырдың өзіне тән бар сыры,
Солар мені жалынымен шарпыды.
Жүйке шіркін жұқармасын қалайша,
Өткізген соң бәрін жүрек арқылы.
Сондықтан да үйде қалай жата алам,
Жолға шығам аяздарда қақаған.
Ақиқаттың ала жібін аттамай,
Нысанаға дәл тиеді мақалам.
Біздің жұмыс бағынбайды жоспарға,
Көп толғанам жаңа бір іс бастарда.
Жақсы жазып, үлгі болу керек қой,
Соңымыздан келе жатқан жастарға.
Шаршап шығам кешке қарай кеңседен,
Көппен бірге автобуста теңселем.
Түнде тағы үңілемін қағазға,
Жырымды да жұрт күтеді деп сенем.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қаламгермін өлеңінің авторы кім?

Айтқали Нәріков‎ — осы өлеңнің авторы.

Қаламгермін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қаламгермін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Айтқали Нәріков‎ өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қаламгермін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері

Басқа да жазбалар