Өлең, жыр, ақындар

Ақылдым-ау, тақтың маған бекер, мін

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 830
Ақылдым-ау, тақтың маған бекер, мін,
Шексіздіктің шегіне бір жетермін.
Ояуымда-ақ шым-шытырық түс көріп,
Ұзақ уақыт ұйықтап қалған екенмін...
Дем алдым да, біртін-біртін жан алдым,
Құлағыма дауысы естіліп анамның.
Қашып шығу үшін түнек-түрмеден,
Сыртқа шығар есік таппай қамалдым.
Жанарымды қағып қарға, жарқанат,
Арманымды, жан-жағымды тор қамап.
Беті адамға ұқсағанмен ішіне –
Жылан, қоңыз кіріп апты, жорғалап...
Төзе алады сүруге өмір кім бұлай,
Тұншықты ғой, кеудемдегі бұбұл, ай,
Адам деген «адамдардың» - ішіне –
Ит пен мысық кіріп апты, сұмдық-ай!
Табанымен басқа ұрған соң, тепкілеп,
Қорланумен... бар өмірім өтті, көп.
Жыладым бір «жындыхана» ішінде,
«Жұрт» көзінше, жалғыздықтан соққы жеп...
Кезең... сезем, күндіз емес, түн еді,
Болып тұрған «сайқал-сайтан» тілегі.
Мен жыласам... сақ-сақ етіп барлығы,
Қолын соғып, рахаттанып күледі...
Тәңіріндей, мейірім мен аяудың,
Қанаттарын келді жайып баяу Күн.
Қол-аяқты ұйытқан сол «ұйқыдан»,
«Бисмилла» деп көзімді ашып, ояндым.
Бетті түзеп, сүруге өмір даярмын..



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жандым, өштім, өртке айналдым, сезбедің

  • 0
  • 0

Жандым, өштім, өртке айналдым, сезбедің,
Арашалап ала алмадың, төзбедің.
Мен өзіңді теңер болсам семсерге,
Жарқылдадың қолдарында өзгенің.

Толық

Қасқа жол

  • 0
  • 0

Туған ауыл әр тасын,
Жамбасына жастап ол.
Төсеп күнге арқасын,
Жататын бір қасқа жол.

Толық

Жел еседі

  • 0
  • 0

Сайын белді сапырып жел еседі,
Өршеленіп, өрекпіп егеседі.
Аспаннан айдап келген қара бұлттай,
Шақырып бермейді екен неге сені?..

Толық

Қарап көріңіз