Өлең, жыр, ақындар

Үш бала

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 1051
Той-тойлаған... жоқ-барды елеместен,
Ұйып тұрған айрандай ел емес пе ем.
Бөлем деме, қазақты “жүзге” бөліп,
Үш баласы ол, бір үйдің ерегескен...
Кештік бастан, дәуірдің дауылын көп,
Дауылдан, қалған артар тауы міндет.
Ерегесіп тірлікте, қалғып кетсең,
Айғай салып келеді “бауырым” - деп...
Сыртымыздан “сырт” - көздер біліп күлер,
Күлімізді күреуге үміттілер/
Үш басты бір жыландай,
Үш баланы
Ащы-тарих сабағы біріктірер.
Қысын ойлап, жатпайды жазын ойлап,
Өз буына піседі өзі қайнап.
Керегі жоқ оларға арашаның,
Өкпелессе кетеді қазір ойнап...
Күшім жоқта, “бауыр” - деп күш алыстым,
Сыртқа кетсем, сағынып, құса да іштім.
Бірге жүрсе, қадірін білмейтұғын –
Үш баласы боламыз, үш Арыстың”
Осы жайлы... білсе, деп біліктілер,
Көкірегіме мәуелі үміт түнер.
Жылап шығып жауларым...
кең қақпамнан –
Күн болар ма, достарым күліп кірер?..
Тартысса да, таласып, айналып кеп,
Үш баланы - бір тағдыр біріктірер!...



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жыр жаздым өз атыңа тебіреніп

  • 0
  • 0

Жыр жаздым өз атыңа тебіреніп,
Оттағы қорғасындай көңіл еріп.
Бір түрлі қысыламын, жұрттың бәрі
Тұрғандай көздерімнен сені көріп...

Толық

Жел болып маңдайымнан неге еспедің

  • 0
  • 0

Жел болып маңдайымнан неге еспедің,
Неге еспедің, айналды елеске мұң.
Көздерім суретіңе жиек болып,
Ұзақ түн ұйқым келер емес менің.

Толық

Қайың жасы

  • 0
  • 0

Түпсіз аспан қабағымен тұнжырап,
Бұтақтары бір түзеліп, бір құлап,
Жылмен келер жоқтап әнші бұлбұлын,
Жел өтінде жалғыз қайың тұр жылап.

Толық