Туған ауыл шақырады алыстан – Динара Мәлікова

Бұл бетте «Туған ауыл шақырады алыстан» атты Динара Мәлікова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Туған ауыл шақырады алыстан,
Сағынышпен түсімде сан табысқам.
Уақытымды саған қашан бұрармын,
Тағдырыммен жарысқан?
Туған ауыл түкситеді қабағын;
«Өз жолыңды тауып едің қарағым.
Атаңа кеп сәлем беріп тұрсаңшы,
Әжеңнің біл» хабарын.
...Біздің тілек, сүрінбеуің, самғауың,
Армансыз боп, қорғансыз боп, қалмауың.
Туған ауыл сыр айтады, сыбырлап.
Тыңдатады толғауын.
Шақырғанда кете бердік жол алдан,
Бізбен бірге жылылық та жоғалған.
Атамызды «шығарып сап» әжем де,
Тым тұйықтау боп алған.
Әже деймін, адалдығым, киелім,
Намысымды қайратыңа сүйедім.
Сенің басқан топырағыңды аялап,
Маңдайыммен сүйемін!
...Бір үмітке елеңдеймін, жарыққа,
Сыйған емес, кәусар жаным қалыпқа.
Туған жер мен ақ тілегі әжемнің,
Жырым жетсе халыққа.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері