Сөнбейді деме шырақты – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Сөнбейді деме шырақты» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Сөнбейді деме шырақты,
Сарқылмас деме бұлақты.
Сарғаймас деме құрақты,
Өзекті мынау өмірде
Өзгермес не бар тұрақты?
Тұғырың түгіл, тауды да
Уақыт мүжіп құлатты.
Шаттана күлген жандар да
Сарғайып, семіп жылапты.
Жоғалтпайық, жігіттер,
Адамдық ізгі мұратты.
Алшандай басып алшы ғып,
Жүрсек те киіп тымақты.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері