Бойдан қуат, күш кетсе – Жарылқасын Аманұлы

Бұл бетте «Бойдан қуат, күш кетсе» атты Жарылқасын Аманұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

Бойдан қуат, күш кетсе,
Бал-бұл жанған түс кетсе.
Ауызыңнан тіс кетсе,
Қайыры бір қараға
Қолдан келер іс кетсе.
Досыңа айтып мұңыңды,
Қасыңа айтып сырыңды,
Алдырарсың сырыңды,
Кетірерсің құныңды.
Махаббаттан мән кетсе,
Маздап айтар ән кетсе.
Тайдай тулар жүрекке,
Жүген түсіп әл кетсе.
Жастығым деп жыларсың,
Жайдақ судай тынарсың.
Жапырағың сарғайып,
Бәйтеректей құларсың.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері