Күлімдеген Күн үнсіз – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Күлімдеген Күн үнсіз» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 843
Күлімдеген Күн үнсіз,
Дірілдеген Ай үнсіз.
Не боламын тілімсіз,
Тілсіз өмір қайырсыз.
Кім ұғады күн тілін,
Күн ұғады Ай тілін.
“Мен бірінің кілтімін”,
Деп қиын ғой айтуым.
Өтіп таудан, көлдерден,
Өтіп құздан, өзектен.
Үнсіз ұғып жол берген,
Бір-біріне кезекпен.
Үнсіз көндім сынаққа,
Жылап қалсам... күлкімін.
Сылдырлаған бұлаққа,
Берді ме екен Күн тілін?
Жол шегемін арманға,
Қиын кері қайтуым.
Сыбдырлаған орманға,
Үйретті ме Ай тілін
Қалар ма едім ерте өліп,
Көңілім ғой тынымсыз.
Көкжиекке өртеніп,
Батып кетті Күн үнсіз.
Тілсіз тілек қайырсыз,
Мұңсыз сезім сенімсіз.
Аспандағы Ай үнсіз,
Ай астында Сен үнсыз,
Күн астында мен үнсіз...
Көңілсіз...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Күлімдеген Күн үнсіз өлеңінің авторы кім?

Қанипа Бұғыбаева — осы өлеңнің авторы.

Күлімдеген Күн үнсіз өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Күлімдеген Күн үнсіз өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қанипа Бұғыбаева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Күлімдеген Күн үнсіз өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері