Сильва Капутикянға – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Сильва Капутикянға» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 612
Сенің де жырың – махаббат,
Менің де жырым – махаббат.
Жартасқа бір жас толқын,
Жатқандай ұрып шапалақ.
Емес бұл жанға аз қайғы,
Бір жалын көзде маздайды.
Қадалған жерін қапысыз
Күйдіріп кете жаздайды.
Арараттан ұшқан жыр,
Алатауға тұр жетіп.
Құштарлықты құштар бір,
Келе жатыр үлгі етіп.
Тағатымды тауысқан,
Сүю жайлы тілдесіп.
Жан сырыңмен алыстан,
Тұрар көңілім үндесіп.
Ғажап еді бұл қандай,
Кеудеңе көл тұнғандай.
Алатауға Арарат
Қолын бұлғап тұрғандай!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері