Құдаға құрмет – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Құдаға құрмет» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 27.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2557
Аты алысқа кеткен ауыл Сүйіндік,
Бүгін мұнда бас қосыпты дүйім жұрт.
Арада өскен азаматын ардақтап,
Жатыр екен бір тамаша жиын қып.
Елу жасқа әркім келер әрқалай,
Біреу келер, желік жыны тарқамай.
Рысқали, атағы қыз аспандап,
Сіз келдіңіз ел алғысын арқалай.
Баршылықта әркім мырза болады,
Төңірекке құптаушылар толады...
Мансап қумай, елде жүрген сіздей жан,
Таршылықта көмек қолын созады.
Ағымынан қалмай мына заманның,
Мүмкіндігін ашып барлық адамның.
Осы ауылға бала, әрі ағасыз,
Өзіңізді әмбебапқа баладым.
Тарқамасын бұл өмірдің базары,
Ел сыйлайды жүрек, жаны тазаны.
Отбасы мен бар әулеті аман боп,
Ашық болсын азаматтың ажары!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері