Төбемнен төңкерілген аспан кеуде – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Төбемнен төңкерілген аспан кеуде» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 677
Төбемнен төңкерілген аспан кеуде,
Келеді ай дөңгелеп Асқар белге.
Жарасқан егіз әлем үндес тілмен,
Жұлдыздар түнгі шамдай шашқан жерге.
Арманға ақ бұлақтай жосылып па ең,
Жер, аспан деген атты қос үмітпен.
Отырмын сол аспанның әсемдігін,
Жұлдыздай жанарыма көшіріп мен.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері