Қарсылық жоқ – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Қарсылық жоқ» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 07.08.2021
  • 0
  • 0
  • 643
Қарсылық жоқ,
Сен де ұсын ат сауырын...
Айналаңның асылын тап тәуірін.
Өнер бірақ без емес, бояп сатар,
Сирек қонар дарын ол, тақ, бауырым!
Түлкі болып алдыңнан қағып кетсе,
Бүркіт болып іліп түс әлің жетсе.
Шаршы топқа соларың болмаса егер,
Құр қыжылмен өзіңді ғарып етпе.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері