Жасыл көктем, барасың сырғып қайда – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жасыл көктем, барасың сырғып қайда» атты Қанипа Бұғыбаева жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 716
Жасыл көктем, барасың сырғып қайда,
Жазық белес мендегі сырды ұқпай ма.
Жасыл аспан бояулы жасыл дүние,
Жастығыма бір қадам жылжытпай ма?
Шыға алмадым алдыңнан жырлар оқып,
Қырларыңнан құшағым гүл дәметіп.
Қуанышым шуақты, қайран көктем,
Жылдам кеп пе ең, барасың жылдам өтіп.
Жасыл көктем, еліме бел баласың,
Көмкеретін дәнменен кең даласын.
Дүниеге келгелі өзім көрген,
Ең бір сұлу көктемім сен боласың.
Уақыт – қанат, жеткізбес ұшқан желді,
Күшейіп кеп әлсіреп құшқан белді.
Туған күнін тойлауға бір перзенттің,
Қаншама рет бұл жаққа құстар келді.
Көктем, кетіп барасың, қоштасалық,
Кәріге мұң әкелдің, жасқа шабыт.
Жер – дүние жаңғырып түлеп жатыр,
Тірлігіңді қайтадан еске салып!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері