Жүргем жоқ біреуден даңқ даулайын деп – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жүргем жоқ біреуден даңқ даулайын деп» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 585
Жүргем жоқ біреуден даңқ даулайын деп,
Жүрмін бір жүрекке жол жалғайын деп.
Жүгірсем көзді жұмып көкжиекке,
Соғылатын секілді маңдайып кеп.
Сыбызғы үн көкірегімнен бұлақ ән сап,
Аққандай жалғызсырап жылаған шақ.
Симаған кең дүниеге бір жүрегім,
Кішкентай дос құшағын тұрады аңсап.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері