Кісіге үндемеймін ұнамаған – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Кісіге үндемеймін ұнамаған» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 806
Кісіге үндемеймін ұнамаған,
Сыртымнан не демейді шыдамаған.
Ал бірақ кейбір ағат мінезімді,
Оңаша, талқыға сап, сынап алам.
Мәңгілік кетпес ойдан дос үндері,
Осынау өмірдің бір көшіндегі.
Білінсе бойымнан кей білместігім,
Адамдар, айналайын, кешір мені.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері