Бақ қонып, кеңге арқасын тастағандар – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Бақ қонып, кеңге арқасын тастағандар» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.11.2021
  • 0
  • 0
  • 607
Бақ қонып, кеңге арқасын тастағандар,
Тірлікте тасбақадай тас-табандар.
Адам ба, қолдарынан келе тұрып,
Басынан жақсылығы аспағандар...
Жасанды зіл-ашумен ас қайнатып,
Қабағы түнереді кештей батып.
Көк болса ол, шөлдеп жатсаң, таңдайыңа
Бір тамшы тамызбастай, тастай қатып.
Тігілсе кейбіреудің туы шыңға,
Танымас өзге түгіл туысын да.
Тарс жұмып, түсірместей боп тұрады,
Күн көзі тұрса егер уысында.
Өсіріп бір басының бақ-таланын,
Салады мансап үшін отқа жанын.
Қолына, біліп тұрып сондайлардың,
Күнімді түсіруден сақтанамын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері