Емеспін ақылды дана адам – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Емеспін ақылды дана адам» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 11.11.2021
  • 0
  • 0
  • 727
Емеспін ақылды дана адам,
Жанымда жатталар жылдар мың.
Әуелде әлемге анадан,
Жарыққа таласып туғанмын.
Бұл жарық от болса күйемін,
Жарық қой, өйткені көргенім.
Не сүйсем жарықты сүйемін,
Жарықсыз өмірім көр менің.
Тіршілік жарық боп атанған,
Тіршілік тұтанған жаңа шам.
Бүгінгі асығыс бет алған,
Онсыз мен жолымнан адасам.
Жастықта жалт еткен елеске,
Жаныңның кетпесе көктемі.
Жарығы өмірдің емес пе,
Осынау алтын күн көктегі.
Жарықпен жанға көп жамалды ой,
Тізіліп алғы күн жолдары.
Бәрінен көз тұрып жаман ғой,
Көңілдің қараңғы болғаны.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері