Қызғалдақ – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Қызғалдақ» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 6965
Қыр мені қызықтырып шақырады,
Ол бірақ, қызғалдақсыз тақыр әлі.
Даланы күн құрғатпай кеземін дeп,
Ұлтаны бәтеңкемнің қақырады.

Әйтеуір, қызғалдаққа «ашықтым» да,
Кеудемді барам күнде ашып қырға.
Алатын көздің жауын қызғалдақтай,
Әлде мен бір сұлуға ғашықпын ба?


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері