Жер – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Жер» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 10.11.2021
  • 0
  • 0
  • 691
Мен алғаш келгенде өмірге,
Жер-ана алыпты көтеріп.
Қалықтап бір бұлт көгімде,
Өтіпті күрсіне жөтеліп.
Өсіппін бұлт сүйіп мен содан,
Жер-ана керек қып емшегін.
Сусындап шырынға ой-санам,
Сезімнің алғамын бөлшегін.
Сәби боп еңбектеп,
қаз тұрып,
Жерге мен тірегем қолымды.
Қанатты осы жер жаздырып,
Мезгеген осы жер жолымды.
Өмірден өскемін от алып,
Ойымды құндақтап мол үміт.
Ісімнен тапса бір қаталық,
Қара жер кетсінші ойылып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері