Ауылым менің
Кең далам,көк шалғынды ауылым,
Ыстық-ау бір мен үшін дауылың.
Біле білсең ол жерде бауырым,
Өткізген талай ақын дәуірін.
Аунап талай құмы менен шаңына,
Ғашық болдым арайланған таңына.
Асық болдым жеткенше маңына,
Түтіні оның ыстық-ау жаныма.
Ойнақтаған қозысы мен тайлағы,
Бұзылмаған сүттей ұйып қаймағы.
Нұрға толған қуанышпен аймағы.
Адамдарын мақтан етем жайдары.
Көз тастасаң сонау жатқан қырларға,
Үңілесің атам айтқан сырларға.
Сағынышқа толы сезім тұнатын,
Талай ақын жырлап өткен жырларда.
Сағынамын бала шақты,бал шақты,
Ауыл таңы жанымды да аңсатты.
Сол ауылда тай құлынмен тебісіп,
Әкем менің өткізген әр шақты.
Ақ жаулықты әжем айтқан ертегі,
Заманының аңыз сырын шертеді.
Сенім артқан бала құлын ержетіп,
Болады деп болашағым , ертеңі.
Ұмытпа балам, өзің туған ауылды,
Ауыл деген ақ көңілді қауымды.
Тағылыммен сол ауылдан көгеріп,
Көркейтерсің өмір атты бауыңды.
Көне көз, ақ жаулықты қариялар,
Ақыл айтар ақ сақал дариялар.
Байлығың да, бәрі де сол ауылда,
Ырысың да ынтымағың бақ ұялар.
Берекелі бауға толған бақшаңда,
Бозара атқан ақ сәулелі ақ таңда.
Барлығы да бәрі де сол ауылда,
Сатып алмас ешбір сенің ақшаңда.
Атам өнген киелі қара шаңырақ,
Қалмасын деп ізсіз, түссіз қаңырап.
Кенжесіне болған әулет аманат,
Сақталған сол ауылда-а-а молырақ.
Ауылым менің қасиеттім нұр тұнған,
Мақтанады балаң сен деп сыртыңнан.
Кеудеде кернеп өзіңе деген сағыныш.
Өзіңе арнап жыр жазайын алқынған.
Қалада қанша сайран сал,мейлі,секеңде
Қалада қанша сайран салып жүрсеңде,
Сағыныш тұрар ауылға деген бір сенде.
Тынымсыз тірлік қажытып сенің жаныңды.
Ауылға деген лүпілдер жүрек кеудеңде.
Ауылда тыныш жай табарсенің жаныңда,
Ауылда қалған қасықтай бабам қаныңда.
Қалада атқан ақ таңың шулы,шырайлы
Дым емес ау ауылдың ғажап маңында.
Ауыл кие,ауыл алтын бесігің,
Сол ауылда ашқам дүние есігін.
Қанша қырды ассам да ауылым,
Жүрегімде қалар мәңгі есімің.
Аяқ басам атам жүрген іздерге,
Үлгі болған әрбір сөзі біздерге.
Қара шалғы жетелеп сол жолдармен,
Жүруші еді солғын тартқан күздерде.
Бұл ауыл.....
Ғани дүрілдеп өткен жер,
Мадина сайрап кеткен жер.
Кеңес ағам жырымен,
Болашақ деп төккен тер.
Мамыражай жаздың ыстық күнінде,
Шешек атқан қырда қызыл гүлімде.
Ақ самаурын қайнатқан ақ әжем,
Отырушы ед киіз үйдің төрінде.
Мирас болған ақ самаурын анама,
Мұра болар ертең менің балама.
Ақ жаулықты анам құйған ақ шайдың,
Ұмытуға дәмін айтшы бола ма?!
Жасыл желек,көк шалғынды жайлауы,
Береке мен бірліктің ол аймағы.
Төрт түлегі түлеп жатқан ауылым,
Ойнақтаған қозысы мен тайлағы.
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі