Қысқы сурет – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Қысқы сурет» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 3910
Кенеттен қар жауғанда жапалақтап,
Баладай қуандым қол шапалақтап.
Бір әйдік Аяз ата келе жатты,
Мұрты аппақ, кірпігі аппақ, сақалы аппақ.
Кеткендей көңіліне желік кіріп,
Ол мені қырға әкетті еліктіріп.
Қанарлы қыстың барлық қасиетін,
Тұргандай шәлкес мінез жел ұқтырып.
Ақ дүлей бұрқ-сарқ етіп белеңдегі,
Барады мұңым менің тереңге еніп.
Боранның буырқанған мінезіндей,
Осы сәт арбап алды өлең мені.
Бұрқасын бірте-бірте биікке асып,
Ойнайды алқымымнан сүйіп, қашып.
Жондарын желге тосып дөң басында,
Ақ балтыр қайыңдар тұр иықтасып.
Алыстан қарайды олар бойлап маған,
(Айнала тек ақ шақыт ойнақтаған...)
Апшыны аяз келіп қуырғанда,
Көгілдір көктем жайлы ойлап қалам.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері