Мінезім – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Мінезім» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2886
Бұл жырды кеше ғана бастап тұрып,
Несіне мәз болайын сақ-сақ күліп.
Мен сізге ақкөңіл боп көрінермін,
Қайтейін, жаныма жат асқақ қылық.
Ал, біреу жатса сөзбен шаншып, атып,
Кетсе егер намысыма қамшы батып,
Жанымның тазалығын қорғап қалам,
Қара тер, қызыл қанды тамшылатып.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері