Өлең, жыр, ақындар

Сенің үйіңде

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2321
«Жатпас та ешкім мұны теріс көріп,
Үйдегі үлкендермен көріс келіп».
Дегенде сүйіктім сен, шалқыдым ғой,
Алдымнан армандай бір өріс кеңіп.
«Шырағым, ризамын келгеніңе,
Өрлей бер қымсынбастан төрге, міне».
Деп әкең сездіргенде ақ ниетін,
Шыққандай болды көңілім өрге мүлде.
Анаң да менің әзіз анама ұқсап,
Күмбезін көңілімнің барады ұштап.
Өтеді әрлі-берлі сіңілің сенің,
Мен жаққа әлсін-әлсін қарағыштап.
Бой балқып, қорғасындай шоқта қалған,
Отырдым жүрегіме топтап арман.
Ал өзің жанымнан бір шықпай қойдың
Құлындай желісінде ноқталанған.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Дарабоз

  • 0
  • 0

Өмір бойы өлең болып алаңы,
Өмір бойы қолдан түспей қаламы,
Ортамызда ақын отыр ақиық,
Мойындатып қала менен даланы.

Толық

Өлеңімен озады

  • 0
  • 0

Өмір бойы аруақ тұтып жыр атын,
Соған ғана бағыштаған мұратын.
Елеусіздеу жүріп жатты Оралда,
Қалың қазақ білетұғын бір ақын.

Толық

Перзенттерім

  • 0
  • 0

Өкпе айта алман осынау өмірге өзім,
Екі ұлым бар - бар екі қоңыр қозым.
Құшағыма екеуін қысамын да,
Көкжиекке қадаймын көңіл көзін.

Толық

Қарап көріңіз