Ұнатам – Айтқали Нәріков‎

Бұл бетте «Ұнатам» атты Айтқали Нәріков‎ жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 28.11.2015
  • 0
  • 0
  • 2997
Ізет қылып үлкенге тік тұрганды ұнатам.
Аз сөзбенен көп ойды ұқтырғанды ұнатам.
Сыр бүкпейтін досынан ашықтықты ұнатам,
Бәрінен де өмірге ғашықтықты ұнатам.
Жабырқасам жарым кеп құшақтауын ұнатам,
Албырт жастық арманын тұсатпауын ұнатам.
Болсадағы өлеңнің «азабы» мың ұнатам.
Бәрінен де арымның тазалығын ұнатам!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері